Жуалы ауданына қарасты Қарасаз ауылындағы №6 Пушкин атындағы орта мектеп материалдық-техникалық базасын толықтыра түсті. Білім ордасында бірқатар жаңа кабинеттер ашылып, кітапхана мен технология пәніне арналған сыныптар заман талабына сай жабдықталды. Бұл жұмыстардың барлығы оқушыларға қолайлы әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді.