Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жыл басындағы алғашқы бас қосуға аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен жұмыс тобы мүшелері түгел қатысты.