«Біздің реформамыз – қатардағы «фискалдық науқан» емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету». Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында салық реформасына қатысты осындай ой білдірді.

Салық саласындағы өзгерістердің тиімді тұстары мен қазына қаржысын мақсатты жұмсау жөнінде жамбылдықтар да өз пікірлерімен бөлісті.