Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстандық бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың қатысуымен жаттықтырушылар және өңір абыройын асқақтатып жүрген боксшылармен кездесу өтті.