Психологиялық төзімділіктен бастап физикалық дайындыққа дейін – бәрі әскери полигонда тексеріледі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-механикаландырылған бригада сарбаздары жаңа оқу кезеңіне тек бейімделіп қана қоймай, шын мәнінде үлкен дайындықпен келеді. Айша Бибі полигонында олардың басты сынақтарының бірі – бронетехника астынан өту болды.