«Желтоқсан оқиғасы» - ұлттық сананың оянуы мен еркіндікке деген сенімнің символы. Тарихшылардың айтуынша, Желтоқсан оқиғасы – кейінгі саяси өзгерістерге түрткі болып, еліміздің Тәуелсіздігінің рухани бастауына айналды. Бұл күні қазақ елі Тәуелсіздік күнін тойлап қана қоймай, халықтың еркіндікке ұмтылысының, өзіндік даму жолының алғашқы ашық көріністерінің бірі болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алады. Еліміз үшін ең қастерлі саналатын атаулы дата қарсаңында Таразда «Желтоқсан – 86» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.