Желтоқсанның алғашқы аптасы Қазақстан Қарулы күштерінде ерекше қарқынмен басталды. Ел әлі ояна қоймаған сәтте, сарбаздар оқу дабылын қабылдап үлгерді. Осылайша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы құрамында жаңа оқу кезеңі басталып, жауынгерлік дайындықты пысықтауға арналған кешенді тактикалық жаттығулар өткізілді.