Таразда жол-көлік оқиғаларын себеп – салдарын анықтау жұмыстары жаңартылып, сараптаманың рөлі бұрынғыдан да күшейе түспек. Көлік санының көбеюі мен жол жағдайының өзгеруі апат себептерін нақты анықтайтын заманауи тәсілдерді қажет етіп отыр. Енді мамандар әрбір көлік оқиғасының мән-жайын дәл анықтау үшін оқиға орнын мұқият зерттеуге басымдық беретін болады.