Жамбыл облысында мемлекеттік ұйымдардағы тәуекелдерді болдырмау мен адалдық стандарттарын күшейтуге бағытталған форум өтті. Жиынға өңірдегі квазимемлекеттік сектордан комплаенс офицерлері қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін талқылады. Шараны «Адал қоғам» ұйымы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті бірлесіп ұйымдастырған.