Шу ауданы Жиенбет ауылында 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ата - Заңның 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейлі сәттер, ауылдың 500ге жуық тұрғынына үлкен қуаныш сыйлады. Екі қабатты ғимарат орталықтандырылған жылу, жарық және су жүйелерімен қамтамасыз етілген.