Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі тағы да жаңартылды. Бүгін Таразда салтанатты түрде құтқарушыларға 14 бірлік жаңа техника табысталды. Олардың ішінде республикалық қаржыландыру есебінен алынған өрт сөндіру машиналары да бар. төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өз қолымен кілт тапсырған.