Қаратау қаласында өз кәсібін ширатып, жергілікті жердің дамуына үлес қосып отырған тұрғындар жетерлік. Солардың бірі Досбол Байжанов жиһаз өндірісін жолға қойса, Гүлім Балықбаева тігін саласында шеберлігімен көзге түсуде. Екеуі де шағын бизнесті нөлден бастап, бүгінде тұрақты жұмыс орындарын ұсынып отырған кәсіп иелеріне айналды.