Қазақ халқының ұлтық болмысында ит жеті қазынаның бірі ретінде дәріптеледі. Оның ішінде бойына біткен ептілік, жылдамдық қасиеттері жағынан құмай тазыға тең келері жоқ. Ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен иттердің ішіндегі сырттаны әрі төресі саналады.
Бүгінде елімізде асыл тұқымды итті асырап, баптап жүрген жандар некен саяқ. Солардың бірі Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылының 12 жасар тұрғыны Бекасыл Ғаниұлы. Ол үйінде асыл тұқымды итті өсірумен айналысады.