«Таза ел – тұғырлы болашақ!». Бүгін осындай бастамамен ауқымды сенбілік өтті. «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған шарада негізгі екі нүкте қамтылды. Атап айтқанда Талас өзенінің жағалауы мен қалалық автовокзал маңы қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаның әдемі болуына аймақ жастары үлестерін қосты.