Сіз қандай сусын ішіп жүрсіз? Қымыз бен шұбат – бабаларымыздың бақуатты болмысының белгісі, дертке дауа, тәнге нәр болған. Заман озған сайын дастарқандағы таңдау көбейді. Бүгінде ел ішінде «энергетик», «газды су», түрлі бояулы шырындар самсап тұр. Бірі ұйқымды ашам деп қалбыр құтыға құмарланса, енді бірі –тәтті шайдың түр-түріне әуес.