Сарысу ауданында игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, мемлекет меншігіне қайтару бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, өткен жылы аудан бойынша 14 080 гектар жайылымдық жер қайтарылған. Биыл 13 000 гектар жерді қайтару жоспарланып, оның 4 411 гектар жайылымдық жерлер кері қайтарылды.