Жамбыл облысында 5 жылдың көлемінде 60-тан астам ауқымды жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 6 мыңға тарта жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл – өңірдің 2029 жылға дейінгі инвестициялық жоспары. Аталған қажеттілікті сапалы кадрлармен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін маңызды міндет. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен инвесторлар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту бағытында тиісті жұмыстар қарқын алды.