Бүгін Таразда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған екінші білім ордасы пайдалануға берілді. Облыс орталығы – Тараз қаласында бой көтерген мектеп - 1200 орынға арналған. Балалар игілігіне берілген мектептің ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев оқушыларға медиа орталықтың сертификатын табыстады.