Цифрлық құжаттардың қатары негізгі және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді «eGov Mobile» мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.

Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.