Балхаш балығы- ел байлығы. Мойынқұм ауданының Мыңарал ауылындағы балық зауыты өнім көлемін 750 тоннаға дейін ұлғайтып отыр. Кәсіпорынның жылына 1,5 мың тонна балық өндіруге қауқары бар екенін ескерсек, бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта беретіні сөзсіз. Бүгінгі таңда мұнда 70- адам еңбек етуде. Олардың басым көпшілігі – жергілікті тұрғындар.