Маркстің ескерткішін тарихи тұлғаға ауыстырған мақала. Белгілі журналист Қуат Әуесбай барша сыныптастарымен түлеп ұшқан мектебіне барды. Білім ордасының атауын қазақшаға ауыстыруға себепкер болған айтулы мақала иесі ескерткіштің тарихымен бөлісті.

Осыдан 20 жыл бұрын осы мектеп қабырғасында білім алған байырғы оқушылар сондай-ақ, ұстаздарымен жүздесіп, мектепке арналған сый-сыяпатын табыстады.