Жолдарымыз жоқ, жарыққа жарымаймыз, ауыз суға зәруміз, қоғамдық көлік қолжетімсіз! Бұл өркениеттен жұрдаймыз деген шалғай қарасулықтардың шағымы.


Қалада тұрамыз деген аты ғана, күніміз ауылдағылардан жаман деген тұрғындар біздің телеарнаға базынасын айта келді. Ондаған жылдар бойы проблемасы шешілмей келе жатқан қараша енді қайда барарын білмей дал. Олардың ендігі үміті – жаңа келген қала әкімінде.