Дәрігерлер дабыл қағуда. Ақ халаттылардың мәліметінше әрбір екінші баланың омыртқа жотасы қисайған. Ал, оның 80 пайызының себебі белгісіз. Ешбір елде ауру неден пайда болатынын әлі анықтамаған. Балалардың омыртқа жотасының қисаюы әсіресе мектеп оқушыларының арасында жиі кездеседі, - дейді ақжелеңділер. Зерттеп қайтқан тілшіміз Райхан Шәлібекқызына кезек берейік.
Сколиоз балалардың жас ерекшелігі және бойының белсенді өсуімен байланысты. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда ата-аналардың басым көпшілігі ұл-қыздарының денесінің қисайғанына көңіл бөлмейді. Шын мәнінде омыртқа жотасының қисаюы–көптеген келеңсіздіктерге алып келуі мүмкін.
Азат Сатжанов
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Иә, Қисайған омыртқаны дер кезінде емдесе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Оның төрт түрлі деңгейі және ауыр, асқынған түрі болады. Бұл ауру ұзақ емделуді қажет етеді. Сондықтан шыдамы жетпеген ата-аналар оны соңына дейін жеткізбей, тастап кетеді екен. Бұл әрине дұрыс емес. Омыртқаның қисаюы ұлғая береді. Уақыт өте қисайған сүйек – жүрек, өкпе тағы басқа да ішкі ағзалардың жұмысына кері әсерін тигізіп, ауруға шалдықтырады.
Азат Сатжанов
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Баласының туа бітті сколиоз ауруына шалдыққанын Татьяна Зенкова алғашында білмеген, білмек түгілі сезбеген де. Күндер өтіп, жылдар жылжып баласының бүкірейіп бастағанын көргенде ғана дәрігерге қаралуды жөн деп тапқан.
Тартьяна Зенкова ЕМДЕЛУШІ /Былтыр қыркүйек айында алғаш дәрігерге жүгіндік. Оған дейін мән берген жоқпыз. 4 ші этап. Сколиоз. Ота жасады. Ал, бұл жолы екінші рет ота жасауы. Бұрын жүріп тұруы қиын еді, енді жеңілдеді. Балам өздігінен жүріп-тұра алатын жағдайға жеттік. Дәрігерлерге рахмет айтамын /
Демеу Әлібаев Травматолог-ортопед
Келесі бір кейіпкеріміз 17 жасар жас қыз Назерке Мықтыбай. Ол сколиоздың үшінші дәрежелі түрімен емделіп жатыр. Омыртқа жотасына үшінші рет ота жасатқан бойжеткен, жағдайының жақсы екенін айтып, ақжелеңділерге алғысын білдірді.
Назерке Мықтыбай ем алушы
Осы ретте, ата-аналар нені ескеруі тиіс: Балаңыздың мүсінін, омыртқа жотасына күш түспеуін сәби кезінен қадағалау. Баланың бір иығы екінші иығынан жоғары тұрған жоқ па, соған мән беріңіз. Сабақта партаның немесе компьютердің алдында отырғанда түзу отыру керектігін ескерту. Мектеп сөмкесінің ауыр болмауы керек. Сондай-ақ, бір жақ иығына емес, арқасына іліп жүретін сөмке болғаны дұрыс.