Тараз қаласында құқықбұзушылықтың бірқатар түрі азайғанымен, топпен жасалатын қылмыстар мен алаяқтық деректері күрт артқан. Ауыр дене жарақатын келтіру фактілері екі есеге көбейген. Осы жағдай «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында өткен мекемеаралық жиында кеңінен талқыланды.