Биыл энергетикалық нысандарды жөндеуге 627 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 30 шақырым жылу желісі мен 10 мың шақырымнан асатын электр желісі жаңғыртылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Жоспар бойынша жылу электр станцияларындағы 9 энергоблок, 55 қазандық пен 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Үкімет басшысы жылумен қамтамасыз ету нысандарындағы жұмысты тамыздың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау мекемелері толық дайын болу қажет, деді. Егер бірінші қыркүйекке дейін өңірлерде энергия нысандары дайындық паспорттарын алмайтын болса, онда сол облыстың немесе қаланың әкімі жауап береді.