Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері мен депутаттар қатысты.

Күн тәртібінде маңызды бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтсақ 2026-28 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы, облыстың даму жоспары, Тараз қаласында инклюзивті спорт орталығын салу, Жамбыл ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығын және ауылдық округтердің шекараларын өзгерту мәселесі бар. Сонымен қатар, осы жылға жер комиссиясының құрамын бекіту және ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы айтылды. Отырста айтылған барлық ұсыныстар депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.