Қазіргі таңда жиһаз жасау цехтары жетіп артылады. Мұндай да бәсекелестік болары сөзсіз. Қандай да бір іс болмасын оны өзінің кәсіби маманы атқарғаны дұрыс.
2011 жылы екі бөлмелі шағын шеберханадан басталған жиһаз жасау кәсібі, қазір үлкен цехқа айналған. Әрине бұл нағыз еңбек адамының теккен тері мен тынымсыз еңбегінің арқасы. Мұнда қазір 15 жұмысшы тұрақты напақасын тауып еңбек етіп жүр. Шу ауданында заманауи құралдармен жабдықталған екі цех болса, бірі осы жиһаз жасау орталығы.