Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Бұл ретте еліміз мемлекет шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіту жолында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Соның бірі Жуалы ауданында тау бөктерінде орналасқан батыр «Бауыржан Момышұлы» атындағы шекара бөлімі. Аталған шекара бөліміндегі бүгінгі әскердің хал-жағдайы қандай?

Аты аңызға айналған, рухты батырдың атына берілген шекара бөлімі Жуалы ауданында орналасқан. Қырғызстан мен Қазақстанның іргелес шекарасын күзетеді. Шекара шебіндегі қауіпсіздікті оңтайлы ұйымдастыру, заңсыз кесіп өтушілерді ұстау, контрабандалық әрекеттерге тосқауыл қою, шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелген.