Адам құқықтарын қорғау – Конституцияның басты қағидаларының бірі. Атап айтқанда, адвокатура институтын дамыту арқылы азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігі артты. Судьяларды нақты мерзімге тағайындау сот жүйесінің жауапкершілігін күшейтсе, қылмыстық процесте Миранда қағидасының енгізілуі азаматтардың үнсіз қалу және адвокат көмегін алу құқығын нақтылай түсті. Тағы да басқа бастамалар елдегі заң үстемдігін нығайтып, адам құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейін қалыптастыруға бағытталған.