Бірінші тоқсандағы даму көрсеткіші бойынша біздің өңір республикада алдыңғы лекте. Әлеуметтік-экономикалық өсім 118,4 пайыз. Бірақ бұған тоқмейілсіп отыруға болмайды. Кейбір аудандар бірқатар салалар бойынша кенжелеп қалған. Басшылар индикаторлық көрсеткіштерді тез арада көтеруге кірісуі керек. Себебі әкім -қаралардың жұмысына алғашқы алты айдың қорытындысымен баға беріледі. Әкімдік мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары осыны ескертті.
Жамбыл облысы алғашқы тоқсанды өте жақсы аяқтады. Экономикада өсім, өнеркәсіпте түсім, құрылыста қарқын бар. Кәсіпорындар өнімінің көлемі 17,6 пайызға, инвестиция тарту 71,6 пайызға артып, агросалада 45 млрд теңгеге өнім өндірілген.