Тараз қаласындағы №69 келешек мектеп оқушылары тек біліммен шектелмей, өнерге де бет бұруда. Білім ордасында сахна мәдениетін меңгерген шәкірттер бүгін Ұлы Жеңістің тарихи жолын көрерменге ерекше қойылым арқылы жеткізді.

Драмалық театрлік үйірме ашылғалы мектеп оқушылары сахналық өнерге ерекше қызығушылық танытуда. Соның нәтижесінде балалар тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар бойындағы таланттарын ашып, өнерін шындауға мүмкіндік алуда.