Таразда Отан қорғаушылар күніне орай 5513 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтті.Мереке қарсаңында бірқатар қызметкерлерге, ерлігі мен қажырлы еңбегі үшін кезекті әскери шені беріліп, алғысқа бөленді.
Әлемде бейбіт өмірді көп ел аңсап жүр. Бұл бақытты қадірлеу баршаның міндеті. Әсіресе, Отан қорғаушыларға артылар жүк ауыр. Олар өз міндетін адал атқарып жүр. Қауіп пен қатер қатар келгенде, жасқанбай, ел мен жерді қорғап келеді.