Меркі ауданы Тұрлыбай батыр ауылында жаңа балабақша ашылды. Бұл игі бастама – ауыл тұрғындары үшін мерекеге жасалған ерекше тарту болды.
Жаңа балабақша 50 балаға арналған, жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған балабақшада бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Нысан мемлекеттік әріптестік негізінде салынып отыр.