Өткен 12 айда облыс соттарында 1 268 қылмыстық іс қаралып, 1 494 адамға қатысты үкім шығарылған. Оның 98,5 пайызы сотталып, тек 1,5 пайызы ақталған. Сотталғандардың 43,5 пайызы бас бостандығынан айырылған. Бұл – республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. Бас бостандығынан айыру жазасының басым бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстарға тиесілі. Сонымен қатар, онша ауыр емес қылмыстар бойынша сотталғандар арасында шекараны заңсыз кесіп өткен шетел азаматтары мен жол-көлік оқиғаларына қатысты істер көп кездескен.