Бүгін жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, сатира саңлағы Бақытжан Советұлымен жылы жүздесу өтті. Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы мен Тараз қалалық №9 және №61 орта мектептерінің ұйытқы болуымен өткен рухани кешке әдебиет сүйер қауым, БАҚ өкілдері және мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.