Жалған қоңырау, күмәнді хабарлама, бейтаныс сілтемелер алаяқтардың басты құралы. Күн сайын, ел экономикасымен қатар, алаяқтардың айласы да түрленуде. Қазір азаматтар әлеуметтік желі арқылы көп алданады. Мәселен, Таразда биыл бір ай ішінде 53 алаяқтық фактісі тіркелген, оның 38-і интернет арқылы жасалыпты.

Дәл осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында бүгін прокуратура қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.