Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Давос қаласында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Ресми шара кезінде АҚШ Президенті мен Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды бастаманың детальдарын екеуара талқылағанын да байқауға болады. Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.