Өмірде де, қызметте де бірге. Жамбыл облысында күзде әртүрлі уақытта және әр түрлі бөлімдерге әскерге шақырылған екі туған бауыр бір әскери бөлімге біріктірілді. Енді олар мерзімді әскери борышын аяқтағанға дейін бірге болады. Бұл – командирлердің қырағылығы мен адамгершілікке толы қарым-қатынасы, дейді туыстары. Ағайындылардың қауышу сәті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонында орын алды.