Меркі ауданындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2093 әскери бөлімінің құрылғанына 20 жыл толды. 2006 жылдан бері ел шебін күзетіп келе жатқан әскери бөлім осы уақыт ішінде мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқарып, тәртіп пен жауапкершілікті басты қағидасына айналдырған ұжым ретінде қалыптасты.