Келісін 80 теңгеден сатудың өзі қиын. Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев сәбіз өсіретін шаруалардың жанайқайын жеткізді. Егер, сәбіз экспортына шектеу қойылса, олар шығынға шаш етектен батады деп отыр. Бұдан бөлек, қазір қоймалар сәбізге толы. Оны тездетіп сатпаса, бұзылып кетеді деген мәжілісмен депутаттық сауалын Премьер-Министр орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдады.