Биыл Қаратауда 225 адам баспаналы болады. Бұл туралы қала әкімі Дархан Байымбетов мәлімдеді. Сөзінше, қаладағы соңғы 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сол себепті, тұрғын үй кезегінде тұрған бірқатар отбасы күрделі жөндеуден өткен ғимараттарда қоныс тойын тойламақ.