Киелі Жамбыл жерінен осы уақытқа дейін қаншама дүл-дүл ақындар мен күміс көмей әншілер шыққан. Соңғы уақытта өңірде таланттарды халыққа танытып, жарқ еткен жұлдыздарды тәрбиелеу мәселесі кемшін қалуда. Рушылдыққа салынып ауыл-аймақтарға ескерткіштер орнату мәселесі де өзекті. Ал қазынадан қомақты қаржыға салынған спорт кешендерінің бос тұруы ойланарлық жағдай. Бүгінгі өткен алқа мәжілісінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов осындай өзекті проблемаларды айтып, жауаптыларға сауал жолдады.