Былтыр Жамбыл облысы өнеркәсіптік өсім бойынша үздік үштікке кірді: 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жыл өңірдің өнеркәсіп секторы үшін есте қалған ең өнімді жыл болды деп айтуға болады. Жыл бойы өңдеу өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізуге, өндірістік қуатты арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа нысандар іске қосылды, қосымша жұмыс орындары ашылды. Нәтижесінде облыс республикалық деңгейде негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика көрсетті.