«AMANAT» партиясы Жамбыл Облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Ия, аты айтып тұрғандай үйлестіру кеңесі кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу, қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді барынша азайту мақсатында құрылған. Жиынға кеңестің тең төрағасы Әбілхайыр Тамабек пен халық қалаулылары қатысты.