Таразда 2008–2009 және 2010–2011 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Биылғы біріншілікке еліміздің барлық аймағынан жиналған 400-ге жуық жас боксшы қатысып, өз салмақтарында үздік атануға мүмкіндік алып отыр. Жарыс 28 қарашада салтанатты түрде ашылып, бүгін турнирдің төртінші күні өтуде.