Жамбыл облысында құқықбұзушылық пен қылмыс азайып келеді. Мәселен, қоғамдық орындардағы қылмыстар 23 пайызға, ал көшедегі қылмыстар 22 пайызға төмендеген. Биылғы 8 айда мас күйінде жасалған қылмыстар саны да былтырғыға қарағанда аз тіркелген. Аталмыш деректер облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың Жаңатас тұрғындарымен жүздесуінде айтылды.