Орталық Азия мен Африка арасы біртабан жақындай түсті. Бүгін Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди тұңғыш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды күтіп алған Мемлекет басшысы Ақордада кеңейтілген келіссөз жүргізіп, біршама құжатқа қол қойылды.