Соңғы жылдары елімізде балалар арасында түрлі неврологиялық аурулар жиі тіркелуде. Невропатолог мамандардың сөзінше, бұл жағдай жүйке жүйесінің жетілмеуімен, босану кезіндегі асқынулармен және қазіргі өмір салтымен тікелей байланысты. Дегенмен, ерте анықталған ауруды кешенді оңалту арқылы түзетуге болады. Бұл ретте массаждың маңызы ерекше.