Қоғам дамыған сайын электр қуатына деген тәуелділік те арта түсті. Бүгінде жарықсыз бір күнді де елестету мүмкін емес. Ал осы жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеуіне себепкер мамандардың бірі – электромонтерлер. Бұл мамандық иелері күннің суығына да, жаздың аптабына да қарамастан, жарықты қалтқысыз жеткізу үшін тынымсыз еңбек етеді. Солардың қатарында Қордай аудандық электр желілері жүйесінде еңбек етіп жүрген жас маман – Диас Жұмақан бар.