Биыл Байзақ ауданы 100% ауыз сумен қамтылады. Құрылыс қарқыны қуантады. Брифингте аудан әкімі Олжас Баққараев осылай деп сендірді. Журналистердің сұрағына жауап берген әкім бар салада жағдай жақсы деп сендірді. Алайда, Байзақтағы бұқараның базынасы да аз емес. Ол жайында әкім айтқан жоқ.